Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк айырбастау нүктелеріне доллар бағамынан пайда табуға тыйым салды

Опубликовано:

Қазақстанның ұлттық банкі қаржы нарығы ойыншыларының валюталарды сату мен сатып алу бағамдары арасында маржаны негіссіз көтеруін болдырмау бойынша шұғыл шаралар қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

2020 жылғы 19 наурызда "айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгемен сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" №33 басқарма қаулысы қабылданды.

Аталған құжат өкілетті банктер мен өкілетті ұйымдардың (банктен тыс айырбастау нүктелері) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгемен сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеуді қарастырады:

1) АҚШ доллары – 6 теңге; 2) еуро – 7 теңге.

Бұл шаралар елде төтенше жағдай тәртібі («Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу» туралы ҚР президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 жарлығы) қызмет ететін уақытқа енгізілген. Оның мақсаты – ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандырушы әсерін шектеу және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау нүктелерінің жұмысы тоқтағанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1846547-lttyk-bank-ajyrbastau-nktelerine-dollar-bagamynan-pajda-tabuga-tyjym-saldy/

pixel