Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австралиялықтар қоғамдық дәретханалардан қағаз бен сабын ұрлай бастады

Опубликовано:

Австралиядағы қоғамдық дәретханалардан қолға арналған сабын мен дәретхана қағаздары ұрлана бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Twitter.com
Фото: Twitter.com: Twitter

Daily Mail басылымы мәлім еткендей, Виктория штатының шығыс аудандарында 100-ден астам қоғамдық дәретханадан гигиеналық заттар ұрланған.

"Бұл түңілетін нәрсе, әр дәретхананы бақылап отыру мүмкін емес", – дейді жергілікті шенеунік Джон Уайт.

Айта кетейік, бұған дейін Австралия тұрғынының Перт қаласының маңындағы жағажайдан ерекше тіршілік иесін тауып алғанын жазғанбыз.

Ер адам беймәлім тіршілік иесінің суретін әлеуметтік желіде жариялаған. Желі қолданушыларының бірі оған бұл жануарды пластикалық пакетке салып, мұхитқа лақтырып жіберуге кеңес берген.

Ол сондай-ақ табылған тіршілік иесін "иттерді өлтіруші" деп атаған.

Кейіннен Маккуори университеті биологиялық ғылымдар департаментінің профессоры Кулум Браун бұл жаратылыстың – теңіз қояны екенін айтып берді.

Айта кетейік, теңіз қояндары өздерін қорғау мақсатында сегізаяқтар секілді құрамында улы заттары бар қара сия шашады. Бұл токсиндер иттер үшін улы болып табылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846555-avstralialyktar-kogamdyk-drethanalardan-kagaz-ben-sabyn-rlaj-bastady/

pixel