RU

Елбасы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Елбасы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Тараптар коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі күрделі ахуалды талқылап, жаһандық эпидемиологиялық ауыртпалықты еңсеру бағытында екі ел қабылдап жатқан шараларға өзара қолдау білдірді.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығы мен күн тәртібіндегі өңірдің өзекті мәселелерін талқылады.

Әңгіме соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.

Айта кетейік, бүгін тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады.

"Бүгінде бәріміз коронавирустың жаһандық пандемияға ұласқанына куә болып отырмыз. Қазір вирус жер шарындағы 155-тен астам мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның да аумағына таралуда. Індеттің географиялық өрісі үздіксіз кеңейіп, құрбандарының саны да өсіп келеді. Бұл жағдайды халықаралық экономикалық дағдарыс –  шикізат, валюта және қаржы нарықтарының құлдырауы ушықтыра түсуде. Мұның бәрі біздің елді де айналып өтпейтіні анық", -деп бастады Елбасы үндеуін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846557-elbasy-zbekstan-prezidentimen-telefon-arkyly-sjlesti.html