RU

Жамбыл облысында "жанармай королі" темір торға тоғытылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысындағы "жанармай королінің" заңсыз кірісі 1,5 миллиард теңгені құрады. Полиция қызметкерлері қылмыстық тергеудің егжей-тегжейін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, алдымен аймақтағы төрт жанармай құю бекетін ашқан жеке кәсіпорынның үш құрылтайшысының бірі жолдастарының сенімін пайдаланып, оны қомақты ақшаны ұрлау үшін қолданған.

Бизнес жақсы пайда әкеле бастағандықтан, пайданы көбейту мақсатында жанармай құю станциясы 23-ке, мұнай базасын жетеуге жеткізді, деп жазады Polisia.kz.

Бұл уақытта ер адам бас директор қызметін атқарып, компанияға жетекшілік еткен.

Сонымен қатар, ол полиция мәліметінше, өте көп мөлшерде несие алып, берешегін қайтаруға асықпапты.

Компания құрылтайшысы еншілес ұйым ашып, алғашқы фирманың шығыны арқылы ақшаны "қуып отырған".

Тәртіп сақшыларының айтуынша, "жанармай бекеттерінің королі" ұзақ уақыт бойы барлық "қаймақтарды" әшкерелеген. Оның ісіне отбасы мүшелері де қатысты.

Бұл іс-әрекетінің нәтижесі бірінші компанияның банкротқа ұшырауына алып келіпті. Тексеру кезінде 8 миллиард теңгенің жетіспеушілігі анықталған.

Тергеу 9 айға созылды. 2006 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі уақыттағы деректер расталған.

Кәсіпкердің әйелі де сотқа шақырылды, өйткені қаражаттың бір бөлігін ол арқылы "жоқ қылған".

Соның нәтижесінде, 1,5 миллиард теңгенің қолды болғаны толықтай дәлелденді.

Соттың шешімімен, кәсіпкер 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ рақымшылық есебімен жазасын өтеу уақыты 4 жылға дейін азайтылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жамбыл облысында "жанармай королі" темір торға тоғытылды
Mailfire view pixel