Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы бірнеше қонақ үй карантинге жіберілгендерді қабылдайды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтандағы үш қонақ үй карантинге жіберілген адамдарды қабылдайды. Қазіргі таңда елордада коронавирус жұқтырудың 25 оқиғасы тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Астаналық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, "Турист", "Рамада" және "Алау" қонақ үйлерінде карантинге арналған қосымша орындар бөлінеді.

Нұр-Сұлтан аумағында инфекцияға шалдыққандар санының өсуі жалғасқан жағдайда осындай шаралар қабылданбақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордадағы Ramada Plaza қонақ үйінің коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған ауруханаға айналатынын хабарлағанбыз.

Бұл туралы баспасөз конференциясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен мәлімдеді

Ал 19 наурыз күні түн ортасында Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі жұмыс істей бастады.

Қаладан шығатын жолдарда бөгеттер тұр, барлық келушілер тепловизорлармен тексеріледі. Алматы полициясы басшысының сөзінше, адамда жоғарғы дене қызуы анықталса, ол қалаға кірмейді.

Соңғы деректерге сәйкес, бүгін Қарағандыда екі, Алматыда үш науқас тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 49-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846570-nr-sltandagy-birnese-konak-j-karantinge-ziberilgenderdi-kabyldajdy/

pixel