RU

Ақтауда туберкулезге шалдыққан оқушылар анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтауда оқушылардан туберкулез індеті табылды. Қазіргі уақытта қос бала стационарда ем алып жатыр. Санитарлық дәрігерлер аурудың қайдан жұқтырғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Ақтауда туберкулезге шалдыққан оқушылар анықталды

Фото: pixabay.com

Санитарлық дәрігерлердің ақпаратына сүйенсек, мектеп оқушысының бірі ауру өз әжесінен жұқтырса, екіншісі пневмониямен ауырып, иммунитеті төмендегеннен туберкулезге шалдыққан.

Мамандар сыныптастарын қоса алғанда, оқушылармен байланыста болғандардың барлығы тексерістен өтті. Олардан ауру белгілері анықталмаған. Екі жағдайда да толық көлемде жұмыс жүргізілді.

Сарапшылардың айтуынша, 2020 жылдың басынан аймақта туберкулезке шалдыққан 60 адам тіркелген. Оның үстіне, тіркелгендердің әр бесінші бала боп шықты.

Одан бөлек, санитарлық дәрігерлер облыста ауру деңгейінің өсімі мен бұл індеттен өлім жағдайы байқалмағанын алға тартып отыр.

Еске сала кетсек, 20 наурыздағы соңғы деректерге сәйкес, елімізде тағы 5 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Оның үшеуі Алматыда, екеуі Қарағанды қаласында.

Осылайша, қазіргі таңда елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 49-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда туберкулезге шалдыққан оқушылар анықталды
Mailfire view pixel