Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай, Жапония, Корея және Швейцария Қазақстанға гуманитарлық көмек бермекші

Опубликовано:

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Қазақстанға гуманитарлық көмек тарту жұмысы жөнінде мәлім етті – Қытай, Жапония, Корея мен Швейцария қол ұшын созуға дайын екендерін білдірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/usembassy.nursultan
Фото: facebook.com/usembassy.nursultan: Facebook

Аталған елдер Қазақстанға медициналық маска, вирусты анықтайтын тесттер, арнайы киім және медициналық құрылғылар жеткізбек. Сондай-ақ дәрігерлерімізге шетелдік әріптестерінің тарапынан консультативтік көмек ұсынылған.

Корея, Жапония мен Израиль консультациялар бойынша көмек көрсетуге ниет білдірген.

Белгілі болғандай, әлемдік пандемияға байланысты Қазақстанның СІМ дағдарысқа қарсы штабтар құрды. Қазіргі таңда 295 мың Қазақстан азаматының шетелде жүргені белгілі. Осыған орай аталған штабтар барлық елшіліктерде құрылған.

Солар арқылы шетелдегі барлық қазақстандықтар туралы мәліметтер жиналып, оларға елге қалай оралуға болатыны, пандемия жағдайында өздерін қалай ұстау керектігі туралы ақпарат беріліп отырады.

Шетелдегі қазақстандықтардың басым бөлігінің сол жақта жұмыс істейтіні немесе білім алатыны белгілі болды. Олардың көбісі дәл қазір елге қайтуға ниет білдірмеуде. Әзірге 1200-ден астам адамның ғана Қазақстанға оралғысы келетіні хабарланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Америка Құрама Штаттары Қазақстанға ұшақ арқылы гуманитарлық көмек жеткізген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1846597-kytaj-zaponia-korea-zne-svejcaria-kazakstanga-gumanitarlyk-kmek-bermeksi/

pixel