Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордаға кіру-шығу жолдары бақылауға алынды

Опубликовано:

Қызылорданың полиция қызметкерлері төтенше жағдай режиміне байланысты аумаққа кіру-шығу жолдарын бақылауға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: Facebook

Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №222 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысы полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылды деп жазды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің жеке құрамы күні-түні рейдтік жұмыстарды жүргізіп, төтенше жағдай кезінде іске асырылатын талаптардың сақталуын қатаң қадағалауда.​​​​​​​

Бүгіннен бастап “Қызылорда – Павлодар” трассасының 13-шақырымында, “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” және Жаңақорған ауданы аумағындағы республикалық маңызы бар тас жолдарда бақылау орнатылды.

Тәртіп сақшылары медицина қызметкерлерімен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүргізіп жатыр. Сыр өңіріне жол тартқан әрбір жолаушы тексеріліп, өткізіледі. ​​​​​​​​​​​​Қызылорда облысы ПД жергілікті полиция қызметі ППБ-ның қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдардарда қызметтік көліктерімен жұмылдырылып, жедел әрекет етеді.

Қызылордалық полицейлер азаматтарға төтенше жағдай кезінде белгіленген заң талаптарын сақтау керектігін ескертеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 18 наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтардағы "Сауран" және "Шақпақ" бекеттерінде короновирус дертіне байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін блок-бекеттер қойылған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846621-kyzylordaga-kiru-sygu-zoldary-bakylauga-alyndy/

pixel