RU

Коронавирус үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болған адам халықтан кешірім сұрады (видео)

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде шу шығарған бейнежазбаның кейіпкерін қолға түсірді. Ер адам коронавирус үшін өз-өзіне қол жұмсағандай болып, жалған видео түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды
Кадрлар видеодан алынды: Facebook

Мониторинг жүргізу барысында интернет кеңістігінен видео анықталды. Полиция департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері видеоның авторын анықтап, қолға түсірді деп жазды Polisia.kz.

Нәтижесінде Алматы тұрғыны ұсталып, одан жауап алынды.

Ер адам қойылымдық түсірілімді көңіл көтеру мақсатында түсіргенін және оны тек жақын достарына жібергенін айтты.

Өз кезегінде ол қазақстандықтардан кешірім сұрап, бейнеүндеу жолдады. Тәртіп сақшылары онымен құқықтық түсіндіру әңгімелерін жүргізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының құқық қорғау орган қызметкерлері жалған ақпарат таратқан күдіктіні ұстағанын хабарлағанбыз.

Келес аудандық полиция бөліміне Whatsapp мессенджері арқылы тараған жалған ақпарат жайлы хабарлама келіп түскен.

Хабарламада Келес ауданында коронавирус жұқтырған тұрғын бары айтылған.

Осыдан кейін жәбірленуші полицияға хабарласып, жалған хабар таратқан адамды жауапқа тартуын сұраған.

Полицейлер бұл жайтты Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846632-koronavirus-sin-z-zine-kol-zmsamak-bolgan-adam-halyktan-kesirim-srady-video.html