RU

Нұр-Сұлтанда тағы үш адамнан коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордада коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 3 дерегі тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Тағы үш адамның инфекция жұқтырғаны анықталғаннан кейін Нұр-Сұлтан бойынша бұл көрсеткіш 28-ге жетті.

Ал оңтүстік астанда әзірге 22 адамның вирусқа шалдыққаны белгілі. Сондай-ақ бұған дейін Қарағандыда 2 адамнан коронавирус анықталғаны мәлім болды.

Жалпы, Қазақстан бойынша жаңа вирусты жұқтырғандар саны 52 адамға жетті. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылып, қажетті ем алуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін дәрігерлер коронавирустан қалай қорғану керектігін айтып берген еді.

Мәселен, Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Карабиненконың айтуынша, тұмауға қарсы екпе инфекцияларға, соның ішінде COVID-19-ға шалдығу қаупін төмендетеді. Бұдан бөлек, екпе адамның табиғи иммундық қорғанысын жақсартуға көмектеседі.

Сондай-ақ бұдан бұрын коронавирусты суық тиюден қалай ажыратуға болатынын жазған едік.

Қытайдағы Ухань университеті жанындағы Чжуннань ауруханасының ғалымдары вирустың күннен күнге қалай құбылатынын анықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда тағы үш адамнан коронавирус анықталды
Mailfire view pixel