Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп оқушысының Біртановқа жазған хаты желі оқырмандарының жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов анасы дәрігер болып қызмет ететін 13 жастағы қыздың хатына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Жасөспірімнің хатына Біртанов Facebook желісіндегі парақшасында жауап қайырды.

Раида есімді қыз бала анасының дәрігер болып жұмыс істейтіндігін, елде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін оны тәулік бойы көрмейтінін жазған.

"Кеше менің туған күнім болды. 13 жасқа толдым. Алайда менің көңіл-күйім болған жоқ. Өйткені мен үшін ең басты адам – Анам жанымда болмады! Оның маңызды және қайырымды іспен айналысып жүргенін білемін. Бірақ анамды қашан көретінімді білмеймін... Ол үшін қатты уайымдаймын. Анам сырқаттанып қалады ма деп қорқамын...

Елжан Амантайұлы, сіздің де отбасыңыз бар. Қолыңыздан келгеннің барлығын жасаңызшы. Бұдан-былай ешкім ауырмайтындай етіп, анам тезірек үйге оралсыншы. Бұл – мен үшін ең үлкен сыйлық болар еді", - деп өтінішін білдірді жасөспірім.

Денсаулық сақтау министрі Раиданың хатына жауап қайырды ұмытқан жоқ.

"Сәлеметсің бе, құрметті Раида! Сенің хатыңды ғаламтордан оқыдым. Жүрегіңнен шыққан шынайы жылы сөздер үшін ризашылығымды білдіремін! Біріншіден, өтіп кеткен туған күніңмен құттықтаймын! Зор денсаулық тілеймін!
Жасыңа қарамастан, анаңның мамандығы қаншалықты маңызды екендігін түсінетініңе тәнтімін. Дәрігер болу – бұл ауа райына қарамастан, аптаның қай күні, қандай уақыт болмасын және көп жағдайда өзіңнің шаршағаныңа, денсаулығыңа қарамастан көмекке ұмтылуға шынайы ниет", - деді Біртанов.

Оның айтуынша, оқушы қыздың хатынан бүгінде тынбай еңбек етіп жатқан Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі медицина мамандарының балаларының үнін естуге болады.

"Біз, әріптестерімізбен - өзің сияқты балалардың анасы және әкелерімен бірге науқастанған адамдар саны неғұрлым аз болуы үшін және бүкіл жер шарында коронавирус індетінің таралуын тоқтатуға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз... Анаң екеуің туған күніңді жақын уақытта бірге атап өту үшін қолдан келгенді жасауға уәде етемін. Көңіл-күйіңді түсірме! Барлығы жақсы болады!", - деді денсаулық сақтау министрі.

Ведомство басшысы оқушы қызға туған күніне орай бірнеше кітапты сыйға тартатынын білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846654-mektep-okusysyny-birtanovka-zazgan-haty-zeli-okyrmandaryny-zregin-elziretti/

pixel