RU

Алматыда саябақтар жұмыс істеп тұр ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының тұрғындары арасында ұлттық және демалыс саябақтары жұмыс істеп тұр ма деген сұрақ қойылуда. Осыған байланысты көптің көкейінде жүрген мәселеге оңтүстік астананың әкімдігі ресми түрде жауап қайырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Коронавирустың бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 21 наурызынан бастап Алматы қаласы аумағындағы барлық ұлттық саябақтар мен демалыс саябақтары уақытша жабылады.

Алматылықтардан карантин кезінде Тұңғыш Президент саябағына, Орталық мәдениет және демалыс саябағына, 28 Панфиловшылар паркіне, Family Park, Ботаникалық баққа, "Қиял әлемі" саябағына, Алматы зообағына, Алма-арасан және өзге де адам қарасы көп жиналатын орындарға барудан бас тартуларын сұраймыз", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын қалалық әкімдіктің шешімімен Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе, сонымен қатар, COVID-19 эпидемиологиясының тұрақтануына дейін Алматы мен Алматы агломерациясына ішкі туризм бойынша турлар мен экскурсиялар өткізетін туристік ұйымдардың қызметі тоқтатылған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда саябақтар жұмыс істеп тұр ма
Mailfire view pixel