RU

Тоқаев: Екі негізгі қалада карантин режимін қатаң сақтау – баршамызға ортақ міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимін сақтаудың маңыздылығын атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter

Бұл туралы ел президенті Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Екі негізгі қалада карантин режимін қатаң сақтау – баршамызға ортақ міндет. Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды. Қойылған талаптарды орындау қажет. Үкімет қысқа мерзім ішінде азаматтарды бетпердемен және антисептиктермен қамтамасыз етуі тиіс", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, 19 наруыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы коронавирусқа байланысты карантинге жабылды. Қос қаладағы сауда орталықтары, мейрамханалар мен көңіл көтеретін жерлер өз жұмысын тоқтатты.Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер енді сағат алтыға дейін жұмыс істейді. Автобустар тек 21:00-ге дейін жүрмек.

22 наурыздан бастап, бұл қалаларға кіруге және шығуға болмайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846685-tokaev-eki-negizgi-kalada-karantin-rezimin-kata-saktau---barsamyzga-ortak-mindet.html