RU

Елордада төрт айлық нәресте коронавирус жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 28 науқастың арасында төрт айлық нәресте бар. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"2020 жылдың 20 наурызында тіркелген үш науқас – төрт айлық сәби мен оның ата-анасы. Париж– Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген", - деді Қисықова.

Бұл жанұяның 9 наурыздан бастап Франция мемлекетінде демалыста болғаны анықталған.

Осыған байланысты оларды Қазақстанға келген соң, бірден стационарға жатқызыпты.

"Үш науқаспен жақын байланыста болған адамдармен, ұшақ бортында және басқа да жолаушылар бойынша тиісті жұмыстар басталды. Жақын қарым-қатынаста болған жеті жолаушы анықталды, оның алтауы ауруханаға жатқызылды. Тағы бір адам өз өңірінде ауруханаға жатуға дайындалуда", - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Қисықованың мәліметінше, аталған рейстің қалған 63 жолаушысы үй жағдайында карантинде жатыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы облысында коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелгенін жазған болатынбыз.

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша 21 наурыз сағат 12.00-дегі мәліметтерді жариялады.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді", - делінген ақпаратта.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада төрт айлық нәресте коронавирус жұқтырған
Mailfire view pixel