RU

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин: Шетелдегі отандастар еліміздің қай қаласына жеткізіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дастан Рыспеков шетелдегі қазақстандық туристердің еліміздің қай қалаларына оралатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"18-23 наурыз аралығында қазақстандық туристерді елге қайтару үшін 19 чартерлік рейс қарастырылған. Оның 14 чартерлік рейсі ұйымдастырылып, 2 818 адам елге қайтарылды", - деді ол.

Рыспековтың айтуынша, чартерлік рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы және өзге де қалаларға ұйымдастырылып жатыр.

"Мәселен, Мысыр мен Біріккен Араб Әмірліктерінен Атырау, Қостанай қалаларына рейс ұшырылды. Ақтөбе қаласына да бірнеше рейс қарастырылған", - деді Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы.

Ал сыртқы істер министрлігінің дерегінше, бүгінде шетелде 300 мыңдай қазақстандық тұрады. Соның 1300-і елге оралғысы келетінін жеткізген.

Шетелде жүрген отандастарымыздың бәрі бірдей консулдық есепке тұрмағандықтан, басым бөлігі жайлы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін бір топ отандастарымыздың Мәскеуден қайта алмай жатқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин: Шетелдегі отандастар еліміздің қай қаласына жеткізіледі
Mailfire view pixel