RU

Блок-бекетті айналып өткен: Полиция желіде тараған видеоға жауап берді

Әлеуметтік желілерде блок-бекетті айналып өтпек болған адамдардың қамауға алынып жатқаны туралы фото-видео тарады. Аталмыш кадрларға қатысты алматылық тәртіп сақшылары пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

желііі
Рolisia.kz сайтынан кадрлар: UGC
"Блок-бекетті айналып өткендерді қамауға алды", - делінген хабарламада.

Оңтүстік астана ПД хабарлауынша, бұл жағдай Алматыда, тіпті Қазақстанда орын алмаған. Таралған фотосуреттер мен видеолар Ресей қаласы Якутияда түсірілген деп жазады Polisia.kz.

Ведомство жалған ақпарат таратушылардың әсіресе, елде төтенше жағдай орын алған кезде қылмыстық жазаға тартылатынын ескертті. Заң бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Еске сала кетсек, президенттің төтенше жағдай туралы жарлығын ескермей, үйіне келін түсіріп, "беташар" жасаған Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғыны жазаға тартылған еді.

Соттың шешімімен Арыс қаласының тұрғыны  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 бабы бойынша кінәлі деп танылып,  18557 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген.

Еске сала кетейік, 17 наурызда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846739-blok-beketti-ajnalyp-tken-policia-zelide-taragan-videoga-zauap-berdi.html