RU

Ақтөбеде мейрамханада салтанатты шара өткізгендердің басы дауға қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 21 наурызда төтенше жағдай режимін сақтамай, салтанатты шара өткізген мейрамхана әкімшісінің ісі сотқа жіберілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ақтөебед

Көрнекі фото: pixabay.com

Полиция қызметкерлері 21 наурыз күні мейрамханада салтанатты шара өткізгендерді анықтаған. Президенттің жарлығымен жарияланған төтенше жағдай режимін сақтамаған мейрамхананың әкімшісі жауапқа тартылды.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сарқұловтың айтуынша, елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері Ақтөбе өңірінде осыған ұқсас 15 дерек тіркелген. Олардың барлығы көңіл көтеру орындары мен компьютерлік клубтар. Маманның сөзінше, әкімшілік құқық бұзғандар жауапқа тартылған.

Еске сала кетсек, Түркістан облысы Арыс қаласында ұлын үйлендіріп, есігінің алдында "беташар" рәсімін жасаған тұрғын да жауапқа тартылды.

Соттың шешімімен Арыс қаласының тұрғыны  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 бабы бойынша кінәлі деп танылып,  18557 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде мейрамханада салтанатты шара өткізгендердің басы дауға қалды
Mailfire view pixel