RU

Алматыда наурыз бен сәуірдің коммуналдық төлемін жыл соңына дейін жасауға болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Төтенше жағдайға байланысты коммуналдық төлемдер төлеуге мүмкіндігі болмаған Алматы тұрғындары үшін төлем жасау мерзімі жыл соңына дейін шегеріледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

алматы

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлім етті.

Сағынтаевтың айтуынша, коронавирустың таралауын тезірек тоқтату үшін қатаң шектеу шараларын қабылдауға тура келген. Осының салдарынан көптеген қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтаған. Әкімнің сөзінше, бұл жағдайы аз қамтылған және жұмыссыз жүрген жандарға ауыр тиген.

"Қиын жағдайға тап болған алматылықтарды қолдау үшін монополистермен лифт пен қоқысты шығаруды қоса алғанда, барлық коммуналдық қызметтер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы келісімге келдік. Наурыз және сәуір айларына келген түбіртектерді жыл соңына дейін төлеуге болады.
Бұл ретте кешіктіргені үшін өсімақы мен айыппұл есептелмейді. Сондай-ақ, карантин кезінде қызмет көрсетушілер электр, су, жылу, газ және телефон байланысында қарызы бар тұтынушыларды ажыратпайды", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетсек, еліміздің екі мегаполисі Нұр-Сұлтан мен Алматыда 19 наурыздан бастап карантин жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда наурыз бен сәуірдің коммуналдық төлемін жыл соңына дейін жасауға болады
Mailfire view pixel