Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік дипломат: Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталған екі науқас жайлы деректер шықты

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бүгін коронавирус анықталған екі адам туралы мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша, науқастардың бірі Лондоннан келген шетелдік дипломат деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шетелдік дипломат: Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталған екі науқас жайлы деректер шықты
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
"Бір шетелдік - бұл Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін 1976 жылы туған дипломат. Ол бізге Лондоннан ұшып келді. Екіншісі - 1970 жылы туған Қазақстан азаматы. Екеуі де станционарда жатыр, денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық", - деді Ахметшәріп.

Қазақстанда 22 наурыз, сағат 09.00-дегі жағдай бойынша індет жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Сонымен, соңғы деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтанда 31, Алматыда 22, Қарағандыда 2, Алматы облысында 1 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, елімізде жалпы инфекция жұқтырғандар саны 56 адамға жетіп отыр.

Еске сала кетсек, қазіргі уақытта әлем бойынша Италия мемлекетінде коронавирустан көз жұмғандар саны рекордтық деңгейге жетіп отыр. Мұнда бір тәулікте 793 адам инфекцияның құрбанына айналған. Қаза тапқандардың жалпы саны 4825 адамға жектен.

22 наурыздағы дерекке сәйкес, Covid-19 Италияның 53 578 тұрғынынан анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлем бойынша бір тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 32 мыңға өсіп, жалпы көрсеткіш 266 мыңға жеткен. 11 мыңнан астам науқас көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846759-seteldik-diplomat-nr-sltanda-koronavirus-anyktalgan-eki-naukas-zajly-derekter-sykty/

pixel