RU

Елордаға келген әуе жолаушылары вирус анықтайтын тесттен өтпей, қалаға кіре алмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылдың 22 наурызынан бастап COVID-19 коронавирустық инфекциясына тест тапсырмағандар Қазақстан астанасына кіре алмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордаға келген әуе жолаушылары вирус анықтайтын тесттен өтпей, қалаға кіре алмайды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қаланың толық оқшаулануына байланысты әуе байланысы арқылы Нұр-Сұлтанға келген адамдардың бәрі алдымен станционар етіп қайта жасалған қонақ үйлерге орналастырылады.

Бұл туралы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Telegram арнасында пайда болған.

Медицина мамандары мен бақылаушылар қалаға келгендерді организмінде коронавирус бар-жоғын анықтайтын тесттен өткізген соң ғана шығарады. Егер тест оң нәтиже көрсетсе, онда оларды әрі қарай емдеуге жібереді.

Еске сала кетсек, бүгін 22 наурызда Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды. Сонымен, елімізде жалпы инфекция жұқтырғандар саны 56 адамға жетіп отыр.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп екі науқас жайлы тың ақпаратпен бөлісті. Оның сөзінше, екі пациенттің бірі Лондоннан ұшып келген шетелдік дипломат. 1976 жылы туған азамат Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордаға келген әуе жолаушылары вирус анықтайтын тесттен өтпей, қалаға кіре алмайды
Mailfire view pixel