Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусты 45 минутта анықтайтын экспресс-тест жасалды

Опубликовано:

Америкалық мамандар 45 минуттың ішінде адамның коронавирус жұқтырған не жұқтырмағанын анықтайтын экспресс-тест жасап шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирусты 45 минутта анықтайтын экспресс-тест жасалды
Көрнекі фото: Getty Images / Taechit Taechamanodom: Twitter

Мұндай ақпарат Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Телеграм арнасында пайда болған.

Ведомствоның хабарламасында тест жүйенің АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектің сапасын санитарлық бақылау басқармасымен мақұлданғаны айтылған. Экспресс-тестті Cepheid америкалық компаниясының қызметкері жасап шығарған.

Құрастыршылардың айтуынша, тест нәтижесі 45 минуттың ішінде дайын болады. Бұған дейін нәтижені бірнеше күн күту керек болған.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы мәлімдемесіне сәйкес, ғалымдар әлемді жайлаған коронавирусқа қарсы вакцина дайындауға бағытталған алғашқы тест жұмыстарын бастағаны хабарланды.

Бүгін 22 наурызда Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды. Сонымен, елімізде жалпы инфекция жұқтырғандар саны 56 адамға жетіп отыр.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп екі науқас жайлы тың ақпаратпен бөлісті. Оның сөзінше, екі пациенттің бірі Лондоннан ұшып келген шетелдік дипломат. 1976 жылы туған азамат Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846764-koronavirusty-45-minutta-anyktajtyn-ekspress-test-zasaldy/

pixel