Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Толығымен жабылған: Алматыдағы оқшауланған бекеттерде не болып жатыр

Опубликовано:

Бүгін, 22 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары толығымен оқшауланды. Қазір блок-бекеттер арқылы арнайы рұқсаты бар, белгілі бір адамдар категориясы ғана өте алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

постт
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Алматыдағы Құлжа тас жолындағы бекетте полиция, әскер, әкімдік және санитар қызметкерлері кезекшілік жасауда. Қарапайым азаматтарға қала аумағына өтуге тыйым салынғанымен, кейбіреулер бекеттен өтуге тырысып жатыр.

Алайда полиция қызметкерлері қалаға кіру мүмкін еместігін айтып, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Біздің тілшілер барған сәтте қала сыртына "Жедел жәрдем", "Магнум" көлігі, дәрігерлер, инкассаторлар мен бірнеше арнайы рұқсаты бар көлік шыққан. Басқаларын кері қайтарып жатыр.

Ал санитарлар өтуге рұқсаты барлардың бәрінің дене қызуын өлшейді. Біреуінің дене қызуы көтерілгені анықталса, бірден "Жедел жәрдем" шақырады.

Полицейлердің сөзінше, қазіргі уақытта қалаға 35 арнайы рұқсаты бар көлік кірген. Оның сегізі жеңіл және 27-сі жүк көлігі. Ал қаладан 39 автокөлік шыққан. Оның 10-ы жеңіл болса, қалған 29-ы жүк көлігі.

Еске сала кетсек, еліміздің екі мегаполисі Нұр-Сұлтан мен Алматыда 19 наурыздан бастап карантин жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846766-tolygymen-zabylgan-almatydagy-oksaulangan-beketterde-ne-bolyp-zatyr/

pixel