Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір алматылықтан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Бүгін, 22 наурыз, 13:30-дағы соңғы мәліметке сәйкес, Алматыда тағы бір адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тағы бір алматылықтан коронавирус анықталды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Алматыда бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді.

Сонымен, соңғы мәліметтерге сәйкес, Нұр-Сұлтанда 31, Алматыда 23, Қарағандыда 2, Алматы облысында 1 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, елімізде инфекция жұқтырғадар саны 57-ге жетті.

Еске сала кетсек, бүгін, таңертең Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус анықталғаны хабарланды. Сол сәтте, елімізде жалпы инфекция жұқтырғандар саны 56 адамға жеткен.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп екі науқас жайлы тың ақпаратпен бөлісті. Оның сөзінше, екі пациенттің бірі Лондоннан ұшып келген шетелдік дипломат. 1976 жылы туған азамат Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді.

Одан бөлек, 2020 жылдың 22 наурызынан бастап COVID-19 коронавирустық инфекциясына тест тапсырмағандар Қазақстан астанасына кіре алмайтыны белгілі болды.

Қаланың толық оқшаулануына байланысты әуе байланысы арқылы Нұр-Сұлтанға келген адамдардың бәрі алдымен станционар етіп қайта жасалған қонақ үйлерге орналастырылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846774-tagy-bir-almatylyktan-koronavirus-zktyryp-anyktaldy/

pixel