RU

Алматы облысында 20 санитарлық бекет пайда болады (фото)

Оңтүстік астанадан шығаберісте жаңа 16 санитарлық бекет пайда болады. Коронавирустың таралуын болдырмау үшін полиция және СЭҚ қызметкерлері өткен барлық көліктерді тепловизордың көмегімен тексереді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

алматы облсыныда
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі: UGC

Одан бөлек, әрбір бекетте көлік залалсыздандырылатын болады. Осындай төрт бекет Талдықорған қаласы маңында ашылады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы бекеттерден (блок бекеттермен шатастырмау керек) өткендердің бәрі жағдайы туралы анкета толтырады. Сол себепті тұрғындар өздерімен бірге жеке куәліктерін алып жүрулері керек.

алматы облсыныда
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі: UGC

Сондай-ақ өңір басшысы әкімшілінің айтуынша, республикалық, өңірлік және аудандық маңызы бар автокөлік тас жолдары қазіргі уақытта штатты режимде жұмыс істеп жатыр. Әзірге оларды жабу жоспарда жоқ.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус жұқтырған науқастар саны артып жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек, инфекция 57 адамнан табылған. Нұр-Сұлтанда 31, Алматыда 23, Қарағандыда 2, Алматы облысында 1 адамнан коронавирус анықталған.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бүгін вирус табылған науқас жайлы тың ақпаратпен бөлісті. Оның сөзінше, пациенттің бірі Лондоннан ұшып келген шетелдік дипломат. 1976 жылы туған азамат Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846780-almaty-oblysynda-20-sanitarlyk-beket-pajda-bolady-foto.html