RU

Алматыда коронавирус жұқтырған науқас туралы тың мәлімет шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оңтүстік шаһарда вирус жұқтырған 23 адам бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда коронавирус жұқтырған науқас туралы тың мәлімет шықты

Көрнекі фото: Getty Images / Panuwat Dangsungnoen / EyeEm

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев "Хабар 24" телеарнасының тікелей эфирінде вирус жұқтырған алматылық туралы ақпаратпен бөлісті.

Оның сөзінше, мегаполисте тағы бір адамнан коронавирус анықталып, жалпы инфекция жұқтырғандар саны 23-ке жеткен.

Маманның айтуынша, науқас 1992 жылы туған. 15 наурызда Стамбулдан келген адаммен жақын байланыста болған. Қазіргі уақытта ол станционарда жатыр.

Еске сала кетсек, бүгін, таңертең Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус анықталғаны хабарланды. Сол сәтте, елімізде жалпы инфекция жұқтырғандар саны 56 адамға жеткен.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп екі науқас жайлы тың ақпаратпен бөлісті. Оның сөзінше, екі пациенттің бірі Лондоннан ұшып келген шетелдік дипломат. 1976 жылы туған азамат Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирус жұқтырған науқас туралы тың мәлімет шықты
Mailfire view pixel