RU

Бұдан былай Қазақстандағы коронавис туралы ақпаратты Дәурен Абаев тарататын болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Енді Қазақстандағы коронавирустық жағдай туралы барлық сұраққа АҚДМ басшысы Дәурен Абаев жауап береді. Бұл мәселе мемлекет басшысының тапсырмасымен қарастырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

f,ftd

Фото: NUR.KZ

Бұған дейін елдегі эпидемиологиялық жағдайды әртүрлі спикерлер, соның ішінде полицейлер мен Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері баяндайтын еді. Ал қазір осы сауалдардың барлығына Дәурен Абаев жауап беретін болады. Бұл туралы министрліктің баспасөз хабарламасында айтылған.

Билік мұндай шешімді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан соң қабылдаған. Мемлекет басшысы ел аумағында COVID-19 жағдайына байланысты ақпарат беру форматын қайта қарауды тапсырған болатын.

Сонымен, ертең, 23 наурыдан бастап Абаев Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы күнделікті ақпарат таратып, сонымен қатар азаматтардың сауалына жауап беретін болады. Министр мәлімдемесін онлайн-брифинг барысында жасайтыны хабарланды.

Азаматтарды қызықтыратын сауал болса, онда pressa.mic@gmail.com электрондық поштасына хат жолдауға болады.

Сондай-ақ хатты 17:00-ге дейін жіберуге кеңес берілген. Ведомствоның мәлімдеуінше, осының арқасында хатты уақытылы өңдеп, дұрыс дерек беру үшін сауалды тиісті мемлекеттік құрылымдарға жіберуге мүмкіндік көбірек болады.

Ал онлайн-брифингтің өткізілетін уақыты туралы бөлек хабарланады.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 57 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бұдан былай Қазақстандағы коронавис туралы ақпаратты Дәурен Абаев тарататын болады
Mailfire view pixel