Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған адам тіркелді

Опубликовано:

Ақтөбе облысында COVID-19 коронавирустық инфекция диагнозы қойылған науқас тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған адам тіркелді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

StopCov | Almaty Telegram арнасында тағы бір науқастың Ақтөбе облысында екені айтылған. Бұл өңірдегі COVID-19 жұқтырудың алғашқы жағдайы.

Вирус жұқтырған науқас туралы нақты ақпарат жоқ. Оның денсаулық жағдайы да қандай екені белгісіз.

Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандар тізімінің басында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Елордада 28 науқастан коронавирус табылған. Екінші қатарда 22 пациенті бар Алматы қаласы, екі дерек тіркелген Қарағанды қаласы үшін болып отыр. Сондай-ақ Алматы облысы мен Ақтөбе облысында бір коронавирус жұқтырған науқас бар.

Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 58 адамға жетті.

Еске сала кетсек, бүгін елімізде тағы үш адамнан коронавирус анықталғаны хабарланды.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп науқастар жайлы тың ақпаратпен бөлісті. Оның сөзінше, пациенттің бірі Лондоннан ұшып келген шетелдік дипломат. 1976 жылы туған азамат Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846816-aktbe-oblysynda-koronavirus-zktyrgan-adam-tirkeldi/

pixel