RU

Геннадий Головкин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин барша отандастарын Наурыз мейрамымен құттықтады. Спортшы өз құттықтауын әлеуметтік желілерде жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing

Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing

Геннадий Головкин өзінің Instagram парақшасында "Stories" арқылы өзінің суретімен бөлісті. Фотоның астына боксшы "Наурыз құтты болсын" деген жазба қалдырған. Оған қоса онда 22 деген санды да байқауға болады.

Сондай-ақ, ВКонтакте желісіндегі GGG-ге арналған топта аталмыш сурет пен ауқымды құттықтау жарияланған. Боксшының командасы барша қазақстандықтарды ұлттық мейраммен құттықтап, денсаулық, бақыт пен әрбір шаңыраққа береке тілеген.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі қашан өтетінің хабарлаған еді.

Сонымен қатар, Геннадий Головкин ұлымен түскен фотосымен бөлісіп, көпшілікті тәнті еткен болатын.

Еске сала кетейік, елімізде орын алған жағдайға байланысты Қазақстан бойынша Наурыз мейрамына орай жоспарланған барлық мерекелік шаралар өтпейтін болды. Оған қоса, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында төтенше жағдай режимі қосылып, қос шаһар да карантинге жабылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Геннадий Головкин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Mailfire view pixel