Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар карантин уақытысында балконға шығып, ән салуда (видео)

Опубликовано:

Алматы қаласы карантинге жабылғанан бастап, тұрғындар ұстанатын басты ереже өзін-өзі оқшаулау болды. Оңтүстік астана тұрғындары қашықтық сақтап, көпшілікпен байланысқа түспеуге тырысуда. Алайда, үйінен шықпай отырған кейбір алматылықтар италиялықтардан қалыспай балкондарға шығып, ән шырқап жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_almaty
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_almaty: Instagram

Желіде көршілерінің көңілін көтеру мақсатында өз балконында нағыз ән кешін ұйымдастырған алматылық ер адамның видеосы тарап кетті. Бейнежазбадан азаматтың жарық шамдарды қосып, әйелдер қауымына өлең айтып жатқанын көруге болады. Талантты тұрғынның өнеріне тәнті болған қыз-келіншектер өз балкондарына шығып, оның ән салуын тамашалап тұрған.

Балкондарында тұрып ән салған алматылықтардың видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланған. Желі қолданушылары орындаушының тапқырлығы мен даусына тәнті болғанын жасырмады.

Парақшаның авторы екінші бейнежазбаны "Алматыдағы кішігірім Италия" деп атаған. Видеодан "Жас Қанат" ТК аумағында сағат 11 шамасында әсем музыка ойнап жатқанын естуге болады. Балкондардың бірінен өз ауданының тұрғындары үшін тырысып жатқан музыкант та көрінеді.

Үшінші видео төрт қабатты үйдің ауласында түсірілген. Автор бірнеше әйелдің бірігіп, Леонардо Коэннің "Аллилуйя" әнін айтып жатқанын түсіріп үлгерген. Алайда, дауыстардың қай балконнан шыққаны белгісіз.

Алматылықтар қаладағы ТЖ режимі мен карантинге жабылуға қарамастан, еңсесін түсірмеуде. Оңтүстік астана тұрғындары балконда концерт беріп бастаған италиялықтардан қалысар емес .

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846837-almatylyktar-karantin-uakytysynda-balkonga-sygyp-n-saluda-video/

pixel