Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған адамға қатысты тың деректер белгілі болды

Опубликовано:

Күні кеше Ақтөбе облысында бір адамнан коронавирус анықталды. Бұл аталмыш өңірдегі вирусты жұқтырудың алғашқы оқиғасы болды. Бүгін COVID-19 инфекциясына тап болған тұрғынға қатысты тың деректер жарияланды. Қауіпті инфекцияны жұқтырып алған келіншек болып шықты. Ол кеше шетелден ұшып келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ақтөбе облысының бас дәрігері мен бас санитары өңірдегі коронавирус жұқтыру оқиғасы жайлы пікір білдірді. Олар әкімдіктің ресми парақшасы арқылы тікелей эфирге шығып, орын алған жағдайды түсіндірген.

Белгілі болғандай, инфекцияны жұқтырған әйел адам бүгінде инфекциялық ауруханада жатыр. Сонымен қатар үйде оқшауланған 38 адам мен провизорлық емханадағы 68 тұрғын дәрігерлердің бақылауында.

"22 наурыз күні шетелден келген түрғын бірден инфекциялық ауруханаға салынды. Науқастың жағдайы тұрақты, қажетті ем шаралар жүргізіліп жатыр. Науқаспен байланыста болғандардың барлығы анықталып, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазір провизорлық емханада 68 тұрғын, үй жағдайындағы карантинде 38 адам бар. Коронавируспен күресудің ең тиімді әдісі – адамдар арасынағы байланысты азайту. Мейлінше тазалық гигиеналарын сақтауымыз керек" , - деді облыстық денсаулық сақтау басқарасының басшысы Әсет Қалиев.

Анықталғандай, келіншек 22 наурыз күні кешкі уақытта Мәскеуден ұшып келген. Науқаспен ұшақта болған жолаушылардың саны - 58.

"А және В категориялы елдерден келген жолаушылардың бәрі аэропортта оқшауланды. Тексеру кезінде анықталған бір жолаушы бірден инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты" , - деді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Сонымен қатар, мамандар әлеуметтік желіде шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратқа сенбеуге шақырды. COVID-19 жағдайы Ақтөбеде анықталған бойда желіде қаланың жабылатындағы туралы тараған ақпараттың жалған екені айтылды.

"Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Азаматтардан тек ресми хабарламаларға сенуді және шындыққа жанаспайтын қауесеттер мен ақпаратты таратпауды сұраймыз. Белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтауға, көшеге шығуға, қоғамдық орындарға бармауға және жеке гигиена ережелерін сақтауға шақырамыз" , - деді бас дәрігер Қалиев.

Айта кетейік, күні кеше Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған адам тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846843-aktbe-oblysynda-koronavirus-zktyrgan-adamga-katysty-ty-derekter-belgili-boldy/

pixel