Выйти
RU

Әйгілі Пласидо Доминго коронавирус жұқтырып алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Күллі әлемге әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы 79 жастағы өнер иесінің өзі хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Пласидо Доминго. Фото: facebook.com/pg/PlacidoDomingo

Пласидо Доминго. Фото: facebook.com/pg/PlacidoDomingo

Доминго басына түскен ауыр жағдай жайлы өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлаған. Әйгілі опера әншісі коронавируске тапсырған тест оң нәтиже көрсеткенін мәлім етті. Өнер иесі мен оның отбасы медициналық көрсеткіштер белгілеген қажетті мерзімге өзін-өзі оқшаулауға көшкен.

Әртіс өзін жақсы сезінгенімен, жөтел мен қалтырау секілді белгілерді сезінгенін мойындады. Дәл осы жағдай оны коронавируске анализ тапсыруға итермелеген болып шықты.

Пласидо Доминго орын алған жағдайға қатысты көпшілікке абай болып, коронавирус мәселесіне асқан жауапкершілікпен қарауға шақырды. Әлемдік опера жұлдызы қолды жиі жуып, өзге адамдардан екі метрлік қашықтықта болуға кеңес берді. Оған қоса, ол адамдардан үйде отырып, далаға тек қажеттілік бойынша ғана шығуын сұрады.

Өнер иесі жергілікті билік өкілдерінің коронавируспен күрес мақсатында бекіткен ережелерді сақтаудың аса маңызды екенін жеткізді. Опера әншісі бұл қарапайым шектеулердің өзі сізді және сіздің жақындарыңызды аман алып қалуға елеулі түрде көмектесетінін алға тартты.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар футбол жұлдыздарының коронавирус жұқтырып алғандарын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйгілі Пласидо Доминго коронавирус жұқтырып алды