RU

"Тексеріп жатқаны қуантады": Жолаушылар елордалық әкімдікке риза болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясының таралуына қарсы әрекет ету шараларын күшейту туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: astana.gov.kz

Фото: astana.gov.kz

"Құрметті қала тұрғындары! Бүгін, 22 наурыз сағат 00.00-ден бастап қалаға кіріп-шығуға тыйым салынады. Қалада өткізу-бақылау бекеттері орнатылды. Азық – түлік пен қажетті тауарларды тасымалдауға еш кедергі жоқ. Халықаралық әуежайға ұшып келген барлық авижолаушылар медициналық тексеруден өтеді, тест өткеннен кейін ғана қалаға кіре алады. Олардың үй карантинінде болуы шарт. Санитарлық нормалар күшейтілді. Қала бойынша дезинфекция жүріп жатыр. Бұл шаралар сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін қабылданды. Біз біргеміз " , - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Елордаға келген жолаушылар қала әкімдігінің енгізген шараларының маңыздылығын атап өтті.

"Бізді коронавирусқа тексеріп жатқаны қуантады. Сараптамадан өтіп қана біз өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығы үшін сенімді боламыз. Әкімдіктің азаматтарды қай елден келгеніне қарамастан барлығын тексеріп жатқаны дұрыс болды", - деді олар.

Жаңа ереже енгізілген сәттен бастап медициналық қызметкерлер 10 рейсті жұмысқа алды, бұл 900 адам. Қалада шұғыл штаб жұмыс істейді, коронавирустық инфекция анықталған жағдайға әрекеттер алгоритмі дайын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тексеріп жатқаны қуантады": Жолаушылар елордалық әкімдікке риза болды
Mailfire view pixel