RU

Біртанов ДДСҰ челенджіне қатысып, қолды қалай жуу керек екенін көрсетті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов ДДСҰ төрағасы Тедрос Аданом Гебреисус ұйымдастырған эстафетаға қатысты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Біртанов қолды қалай жуу керек екенін көрсетті. Видеодан кадр.

Біртанов қолды қалай жуу керек екенін көрсетті. Видеодан кадр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық инфекциямен күреске бағытталған #SafeHands челленджін бастады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі аталмыш эстафетаны қабылдап, қолды қалай жуған дұрыс екенін көрсетті. Бейнежазба министрлік басшысының Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.

Елжан Амантайұлы коронавирустың алдын алу үшін бірқатар ережелерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Оның сөзінше, ең алдымен тазалықты сақтап, қолды жиі жуу керек.

Министр қолды жуу үрдісі 20 секундтан кем болмауы тиіс екенін жеткізді. Оған қоса, міндетті түрде сабын қолданып, алақанның ішкі және сыртқы жағын жуып шығу керек. Сонымен қатар, саусақтарға да ерекше мән бере отырып, жуу керек. Қолды сумен шайып, артынан орамалмен сүрткен жөн.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 60-қа жеткенін хабарлаған болатынбыз. Нұр-Сұлтан әкімі елордадағы карантин талаптарын күшейтіп тастады.

Қазіргі таңда, әлем бойынша вирусты жұқтырғандардың саны 337 мыңнан асып кетті. Бүгінгі күні COVID-19-ға қатысты Италия мемлекетінің жағдайы қиын болып тұр. Олар коронавирустан қазақ тапқандардың көрсеткіші бойынша көш бастап тұр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртанов ДДСҰ челенджіне қатысып, қолды қалай жуу керек екенін көрсетті (видео)
Mailfire view pixel