Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы кіреберісіндегі блок-бекеттерде дене қызуы бар екі адам анықталды

Опубликовано:

Оңтүстік астана билігі Алматыдағы блок-бекеттердегі эпидемилогтар мен санитарлық дәрігерлердің жұмысы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

19 наурыздан Алматыға карантин енгізіліп, қаланың кіреберісіндегі санитарлық және эпидемияға қарсы шаралардың күшейтілуіне орай 27 блок-бекеті орнатылды. Қалаға кірген және шыққан азаматтарды бақылауды 81 санитарлық дәрігерге сеніп тапсырылды..

«Барлық блок-бекеттеп жұмыс үшін қажетті құрылғылармен, жеке қорғаныс заттарымен, тепловизорлармен қамтамасыз етілген. Ыстық тамақ пен ішу режимі ұйымдастырылған" , - деді Алматы қаласы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметін атқарушы Әсел Қалықова.

Бекеттердің жұмысы тәулік бойы жүріп тұрады. Мамандар қалаға кірген немесе шыққандардың барлығын тексеріп, олардың дене қызуын тексеріп, олармен тілдесіп қажетті сұрақтарын қояды.

Өткен 24 сағатта бекеттерде шаһарға кірмек болған 23 475 адамның, қаладан шықпақ болған 13 893 адамның және автокөліктердің 11 529 жүргізушісінің термометриясы жүргізілді.

Блок-бекеттерінде дене қызуы бар екі адам анықталды. Олардың бірі Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Ол Алатау ауданына қарасты №3 блок-бекетінде анықталған. Іле ауданының жедел жәрдем қызметі азаматты тексеріп, оған катарлды ангина диагнозы қойылды. Ол өзінің тұрғылықты мекен жайы бойынша Іле ауданындағы ауруханаға жіберілді. Оны қалаға кіргізген жоқ.

Екіншісі - Алатау ауданының тұрғыны. Ол Жетісу ауданының №8 блок-бекетінде анықталды. Жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлер оны тексерді. Нәтижесінде аудан тұрғынын Алматыға ауруханаға жатқызды.

Блок-бекеттеріндегі дезинфекциялық жұмыстар үздіксіз жүргізіліп тұрады.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 61 адамға жетті. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ТЖ мен карантин режимі енгізілді. Қос шаһар да жабылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846861-almaty-kireberisindegi-blok-beketterde-dene-kyzuy-bar-eki-adam-anyktaldy/

pixel