RU

Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемкомиссияның отырысын өткізді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөз сөйледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша, қазіргі таңда аурудың белең алуы қатаң карантиндік шараларды тым кеш енгізген елдерде орын алп жатыр. Төменде Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемкомиссия отырысындағы сөйлеген сөзін ұсынамыз:

"Құрметті әріптестер! Қазір бәріміз күрделі ахуалды бастан өткеріп жатырмыз. Осы орайда, билік органдарына зор жауапкершілік жүктеледі. Мұны естен шығармайық. Бұл міндетті баршамыз абыроймен атқаруымыз керек. Үкімет, ұлттық банк және басқа да органдардың қолға алған жұмыстары туралы мәлімет алдық. Енді, елдегі тұрақтылықты сақтауға арналған  басқа да шараларға тоқталайын.

Коронавирустың таралуына қарсы жұмыстарды күшейту. Өздеріңіз білесіздер, жаһандық індет ушығып барады. Бүкіл әлем бойынша бұл дертке 300 мыңнан астам адам шалдықты.Вирустың таралу жылдамдығы  бәсеңдемей отыр. Әлем елдері індетпен барынша күресуде. Менің тапсырмам бойынша елімізде төтенше жағдай жарияланды. Елордамыз бен Алматыда карантин режимі енгізілді. Мұны дер кезінде қолға алынған шаралар деп есептеймін.

Осындай жағдайда барлық мемлекеттік органдар жұмыла жұмыс жүргізуі керек. Бұл – береке-бірлігіміз сыналатын уақыт. Әрбір дағдарыстың екі жағы бар. Біріншіден, бұл, әлбетте – қауіп, бірақ, екіншіден, бұл – мүмкіншілік. Індет, дағдарыс дегеніміз – уақытша, өтпелі нәрсе.

Біздің алдымызда тұрған мақсат – мүмкіндікті барынша пайдалану, осы дағдарыстан аман-есен шығып, одан да мықты болуымыз керек. Біз әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз деп сенемін! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын" , - деді Тоқаев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемкомиссияның отырысын өткізді
Mailfire view pixel