RU

Қазақстанда тағы бір адам коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасында коронавирус жұқтырудың тағы бір оқиғасы тіркелді. Бұл жолы COVID-19 инфекциясы Нұр-Сұлтаннан анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

2020 жылдың 23 наурызында сағат 13:50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы бір оқиғасы тіркелді. Қауіпті вирусты жұқтырған адамды Нұр-Сұлтан қаласынан анықтады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Нәтижесінде республика аумағында ресми түрде коронавирустың 62 оқиғасы расталды. Қазақстан елордасында коронавирус 32 адамнан, Алматыда - 26, Қарағандыда - 2, Ақтөбе мен Алматы облыстарында бір-бір тұрғыннан анықталған.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігі бүгің Алматыда коронавирус жұқтырудың 26-шы оқиғасы тіркелгенін хабарлаған болатын.

Оған қоса, Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған науқасқа қатысты тың деректер жарияланды. Белгілі болғандай, аталмыш өңірден вирусқа шалдыққан әйел адам болып шықты. Ол Мәскеуден кеше кешкі уақытта ұшып келген.

Оған қоса, келіншекпен байланыста болған 68 адам бүгінде карантинге жатқызылды.

Әлем бойынша вирусты жұқтырғандардың саны 337 мыңнан асып кетті. Бүгінгі күні COVID-19-ға қатысты Италия мемлекетінің жағдайы қиын болып тұр. Олар коронавирустан қазақ тапқандардың көрсеткіші бойынша көш бастап тұр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда тағы бір адам коронавирус жұқтырды
Mailfire view pixel