Выйти
RU

Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд доллар бөлмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөз сөйлеп, бірқатар маңызды мәселелерді көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының сөзінше, бұл дағдарыс мемлекеттік аппарат пен отандық бизнес үшін сілкінуге сеп болады. Тоқаев бұл жағдай көпшілік үлкен сабақ болатынын жеткізді.

"Жедел шаралардан бөлек, бізге жағдай тұрақтанғаннан кейінгі өмірді ескере отырып, жүйелік қадамдарды жасақтап қабылдау қажет.
Негізі, біз мүлдем жаңа әрі жаһандық әлем алдында тұрмыз. Қазақстан ол жерде өзіне лайықты және абыройлы орын табуы тиіс.
Орын алған қиын жағдайға қарамастан, ол апатты оқиғадан әлдеқайда алыс екенін айтқым келеді. Бізде барлық мүмкіндік пен қорлар бар. Ең бастысы - жағымсыз сценарийге уақытылы дайындалғандықтан, біз не істеу керектігін түсінеміз" , - деді президент.

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, салықтық преференциялар мен жергілікті деңгейдегі қолдауларды есепке алмағанда дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті 4,4 трлн немесе 10 млрд долларды құрайтын болады.

"Бұл қаражатты дұрыс жұмсау арқылы біз дағдарыстан жеңімпаз болып шығатынымыз сөзсіз" , - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жөніндегі мемкомиссиясының отырысын өткізгенін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд доллар бөлмек