RU

Тоқаев теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыруды тапсырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөз сөйледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қазіргі таңда теңгенің айырбас бағамының тұрақтылығына қол жеткізу аса маңызды екенін атап өтті.

"Осы мақсатта Ұлттық банкке, үкіметке және квазимемлекеттік компаниялар басшылығына мемлекеттің қаржы нарығында өз эскпорттық табысының бөлігін квазимемлекеттік сектордың субъектілерімен міндетті сатуды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Оған қоса, бар міндеттемелерді ескере отырып, квазикомпаниялардың қазақстандық қаржы жүйесіне қаржы депозиттерінің кезеңдік қайтарымы жөніндегі жоспар құруды тапсырамын.

Ұлттық компаниялар өткен жыл үшін мемлекетке таза табысынан 100 пайызға дейінгі мөлшерде дивиденд төлемін іске асыруы қажет" , - деді президент.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жөніндегі мемкомиссиясының отырысын өткізгенін хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд доллар бөлетін болды. Бұл шаралардың жалпы пакеті 4,4 трлн теңгені құрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыруды тапсырды
Mailfire view pixel