RU

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға 42 мың теңгеден беріледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға 42 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол ТЖ жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы барысында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекет басшысы карантин уақытысында Алматыдағы мекеме қызметкерлерінің саны жалпы алғанда 266 мың адамға қысқарып қалғанын жеткізді.

"Ұқсас жағдай жеке кәсіпкерлер арасында да байқалуда. Олардың 80 пайызы өз қызметін тоқтатып қойды. Нәтижесінде, алдын ала есептеулерге сәйкес, ағымдағы оқиға 500 мың-ға жуық азаматтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізген.
Сол себепті, төтенше жағдай уақытысында қалаға ТЖ енгізілуіне байланысты табысынан айырылған адамдарға ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінде (42 500 теңге) төлем жасай бастауды тапсырамын. Бұл көмекке кемінде 1,5 миллион отандастарымыз ие бола алады" , - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жөніндегі мемкомиссиясының отырысын өткізгенін хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд доллар бөлетін болды. Бұл шаралардың жалпы пакеті 4,4 трлн теңгені құрады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыруды тапсырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға 42 мың теңгеден беріледі
Mailfire view pixel