RU

Президент: ТЖ режимін бұзғандарға жазаны қатаңдату керек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы карантинге жатқызылған тұлғаларға қойылатын талаптарды бұзғандарға жазаны күшейту қажеттігі туындағандығын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, ТЖ режимі кезіндегі заңбұзушылықтар мәселесін көтерді.

"Азаматтар қауіпсіздігі үшін менің Жарлығыммен адамдар көп жиналатын нысандардың жұмысы шектеліп, түрлі іс-шараларды өткізуге қатаң түрде тыйым салынған. Алайда, мен бұл тыйымдардың бұзылып жүргенін көріп жүрмін.
Ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарын қоса алғандатөтенше жағдай бұзылуының 18 фактісі орын алған" , - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев кінәлі тұлғалар ескерту мен айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын баса айтып кетті.

"Енді аса қатаң санкцияларға көшетін уақыт келді. Оған қоса, аталмыш фактілерді профилактикалық мақсатта БАҚ-та аса кеңінен жариялау керек" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жөніндегі мемкомиссиясының отырысын өткізгенін хабарлаған болатынбыз.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға 42 мың теңгеден беруді тапсырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент: ТЖ режимін бұзғандарға жазаны қатаңдату керек
Mailfire view pixel