RU

Дәрігерлер мен полицейлер ТЖ кезіндегі жұмысы үшін сыйақы алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ жөніндегі мемкомиссияның отырысы кезінде коронавируспен күресіп жатқан мамандардың еңбегін ерекше атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекет басшысы бүгінгі күні коронавирустық инфекциямен күресуге бар күшін салып жатқан мамандарға алғысын білдіріп, оларға арнайы сыйақы төлеуді тапсырды.

"Қазіргі таңда, алдыңғы шепте біздің дәрігерлер, полицейлер, басқа да мамандар ерен еңбек етіп жүр. Олар демалыс дегенді атымен ұмытқан. Отбасыларын өте сирек көреді. Оның үстіне өздерін тәуекелге душар етуде. Оған қарамастан, олар өзінің азаматтық және қызметтік борышын толығымен орындап жатыр" , - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев оларға алғыс айтты.

"Сіздерге шын жүректен алғыс білдіремін", - деді президент.

Осыған орай, мемлекет басшысы тиісті органдарға тапсырма жүктеді.

"Үкімет пен әкімдіктерге қосымша қаржы тауып, коронавируспен күрес шараларына атсалысып жүрген дәрігерлерге, полицейлерге және өзге де мамандарға бір лауазымдық жалақы мөлшерінде сыйақыны қамтамасыз етуді тапсырамын" , - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін президент ТЖ режимін бұзғандарға жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәрігерлер мен полицейлер ТЖ кезіндегі жұмысы үшін сыйақы алады
Mailfire view pixel