Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абаев коронавирус жұқтырғандар арасында шенеуніктердің бар-жоғына қатысты жауап берді

Опубликовано:

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаев бүгін өткен брифингі барысында коронавирустың Қазақстан аумағына таралуы жөнінде бірқатар маңызды мәліметтермен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Дәурен Абаев баспасөз мәслихаты барысында азаматтардың министрлікке жолдаған сұрақтарына жауап берді.

Анықталғандай, қазақстандықтар көбіне коронавирус жұқтырғандар арасында отандық шенеуніктердің бар-жоғын білгісі келетін болып шықты.

"Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі кодексінің 95 бабына сәйкес, бұл ақпарат дәрігерлік құпия болып табылады. Біз оны жариялауға құқығымыз жоқ" , - деді Дәурен Абаев.
"Меніңше, нақты кімнің ауырып жатқан маңызды емес. Бастысы сол адамдардың барлығы жазылып кетсе болғаны" , - деді министр.

Айта кетейік, республика аумағында ресми түрде коронавирустың 62 оқиғасы расталды. Елордада коронавирусты 32 адам, Алматыда - 26, Қарағандыда - 26, Ақтөбе мен Алматы облыстарында бір-бір тұрғыннан жұқтырған.

Оған қоса, Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған науқасқа қатысты тың деректер жарияланды. Белгілі болғандай, аталмыш өңірден вирусқа шалдыққан әйел адам болып шықты. Ол Мәскеуден кеше кешкі уақытта ұшып келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846910-abaev-koronavirus-zktyrgandar-arasynda-seneunikterdi-bar-zogyna-katysty-zauap-berdi/

pixel