RU

Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді айтты. Ведомствоның дерегінше, өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 64-ке жетіп отыр. Олардың 34-і Нұр-Сұлтанда, 26-ы Алматыда, екеуі Қарағандыда, біреуі Ақтөбе облысында және бір адам Алматы облысында.

Еске сала кетейік, COVID-19 инфекциясына байланысты Қазақстанда 16 наурызда бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған.

Ал еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1846943-nr-sltanda-tagy-eki-adamnan-koronavirus-anyktaldy.html