RU

"Тағы да ескерткім келеді": Сұлтанов сауда нысандарының қайта жұмыс істеуіне қатысты шешімге пікір білдірді

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов карантин жарияланбаған аумақтардағы ірі сауда нысандарының жұмысын қайта бастауға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақыт Сұлтанов. Фото: government.kz
Бақыт Сұлтанов. Фото: government.kz: UGC

Министрдің айтуынша, карантин жарияланбаған аумақтардағы ірі сауда нысандарының жұмысын қайта бастауға қатысты көптеген мәселелер туындаған.

Осы орайда Сұлтанов қабылдаған шешімді өзінің Facebook парақшасында түсіндіріп өтті.

Министрдің атап өтуінше, мұндай қиын кезеңде әлемді жаулаған COVID-19 инфекциясынан ел азаматтарын қорғау және елде жұмыссыздықтың өсуіне және халықтың табысының қысқаруына жол бермеу қажеттілігінің арасында тепе-теңдікті сақтауға тура келіп отыр.

Оның сөзінше, карантиннің қолданылған қатаң шаралары (Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жабылуы, елге келетін барлық адамдарды бақылау) нәтиже беретіндігі белгілі болып отыр. Бүгінде коронавирус тек шетелдерден келген азаматтарда және олармен байланысқан тұлғаларда ғана расталған.

Сұлтановтың айтуынша, еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық қызметтерінің шұғыл әрекет етуінің арқасында қауіп тез анықталып, бұғатталуда. Осыған байланысты, министрлік карантин жоқ аумақтарда ірі сауда объектілерінің қызметін тоқтатпауға шешім қабылдаған.

Бұл келушілер санын да шектеу болса да, сауда объектілерінің қызметкерлеріне жұмыс істеуге және өз отбасыларын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Министр бұл ретте, базарлар, дүкендер мен дәріханаларда күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық шаралар бойынша енгізілген талаптар қатаң сақталуы керек екенін ескертті.

"Барлық персонал бетперде мен қолғаптарда жұмыс істеуі тиіс. Әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен барлық беттерді (едендер, үстелдер, орындықтар, лифтілер және т.б.) өңдеу қажет. Қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату тиіс.
Маңызды талап – кезектің пайда болуына жол бермеу: 5 адамнан артық емес, олардың арасындағы қашықтықты кемінде бір метр сақтап отыру.
Сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмыс істеуіне қойылатын талаптардың толық тізімін Сауда және интеграция министрлігінің немесе Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан көре аласыздар.
Тағы да барлықтарыңызды ескерткім келеді! Дүкендер мен базарларды ашу Төтенше жағдайлар режимінің ережелерін сақтамай жұмыс істеуге болатынын білдірмейді. Ұсынымдарды орындамайтындарға дүкендер мен сауда үйлерін жабуға дейін шаралар қабылданады", - дейді министр.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы сауда нысандары әкімдіктердің жедел штабтары шешкендей, карантиннің ағымдағы режимінде жұмыс істейтін болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1846946-tagy-da-eskertkim-keledi-sltanov-sauda-oryndaryny-zmys-isteuine-katysty-sesimge-pikir-bildirdi.html