Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 67-ге жетті

Опубликовано:

Алматыда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 29-ға жетті. Соңғы тәулікте оңтүстік астанада вирус жұқтырған тағы үш адам тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Қазақстандағы коронавирусқа қатысты 24 наурыздағы 10:40 сағ жағдай бойынша Алматыда тағы бір адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Осылайша елімізде вирус жұқтырған саны 67-ге жетіп отыр.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1 адам.

Еске сала кетсек, COVID-19 инфекциясына байланысты Қазақстанда 16 наурызда бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған.

Ал еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.

Төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846960-kazakstanda-koronavius-zktyrgandar-sany-67-ge-zetti/

pixel