RU

Ақтөбеде коронавирус анықталған науқаспен бір ұшақта болған екі адам пойыздан шұғыл түсірілді

Ақтөбе облысында COVID-19 инфекциясы анықталған адаммен бір ұшақта келген екі тұрғын Шалқар қаласында оқшауланған. Осы орайда аудандық аурухананың бас дәрігері жолаушылардың денсаулығы жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Белгілі болғандай екі жолаушы Мәскеуден келген ұшақтан түсіп, пойызбен Алматыға қарай бағыт алған. Алайда олар пойыздан шұғыл түсіріліп, карантинге жатқызылған.

"Олардың денсаулығы жақсы, дене қызуы қалыпты. Бұл азаматтардан тексеру қорытындысы алынып, зертханаға жіберіледі. Оның нәтижесіне сәйкес әрі қарай іс әрекет жасалады. Қазіргі таңда алаңдауға негіз жоқ", - дейді Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Асқар Есмағамбетов.

Естеріңізге салсақ, 22 наурыз күні Мәскеуден Ақтөбеге ұшып келген жолаушыдан COVID-19 инфекциясы анықталған еді.

Ол елге Мәскеу арқылы Испаниядан келген. Онымен бірге ұшып келген 57 адамның 41-і Ақтөбе қаласының тұрғыны. Қалған 17 жолаушы басқа облыстардан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, 38 адам үйде, 65 адам ауруханада оқшауланған.

Қажет болған жағдайда өңірде 120 жасанды тыныс алу аппараты бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1846967-aktbede-covid-19-anyktalgan-naukaspen-bir-sakta-bolgan-eki-adam-salkarda-oksaulangan.html