RU

Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус табылды

Telegram logo VKontakte logo

Елордада COVID-19 инфекциясын жұқтырған 35-ші адам тіркелді. Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 68-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Иллюстрациялық фото: pixabay.com: UGC

Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыз 12:00-дегі жағдай:

Алматы қаласында – 29 адам

Нұр-Сұлтан қаласында – 35 адам

Қарағанды қаласында – 2 адам

Алматы облысында – 1 адам

Ақтөбе облысында – 1 адам

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, 24 наурыздағы дерек бойынша, дүниежүзінде вирус жұқтырғандар саны 381 мыңға артқан.

Еске сала кетсек, COVID-19 инфекциясына байланысты Қазақстанда 16 наурызда бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған.

Ал еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.

Төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус табылды