RU

Шымкентте қатты желдің екпінінен ғимараттар мен тұрғын үйлер шатырсыз қалды (фото)

Шымкентте қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттардың  шатырлары ұшып, кей шағын аудандар жарықсыз қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Фото: ТЖД баспасөз қызметі: Depositphotos

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімтінше, 23 наурыздан 24-не қараған түні қалада желдің екпінінен шатыр қирау туралы 11 хабарлама келіп түскен.

Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Фото: ТЖД баспасөз қызметі: Depositphotos

Нақтырақ айтқанда, Абай ауданында 5 ғимараттың шатыры ұшқан, Қаратау ауданында мұндай 4 жағдай тіркелген, Еңбекші ауданында екі ғимараттың шатыры зақымдалған.

Оқиға орнына жеткен ТЖ қызметкерлері оқиға орындарында шатырдың ілініп тұрған бөлшектерін түсіріп, профнастилді бұзып, үй шатырларын тексеріп шыққан.

Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Фото: ТЖД баспасөз қызметі: Depositphotos

Барлық жағдайларда үй тұрғындары үшін қауіп болмаған. Қазіргі таңда шатыры ұшқан үйлер мен ғимараттарда коммуналдық қызметтер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. 

"Барлық оқиғаларға жедел түрде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері шықты.
Сондай-ақ, ауа райының нашарлауына байланысты электр беру желілеріндегі іркілістер байқалды, соның салдарынан Шымкент қаласының 12 шағын ауданында электр энергиясы ішінара өшірілді. Электр желілерінің үзілуінің барлық салдары энергетика қызметінің жедел әрекеттерімен жойылды", - дейді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Фото: ТЖД баспасөз қызметі: Depositphotos

Айта кетейік, мұндай жағдай Түркістан облысында да болған. Күшті желдің салдарынан өңірдегі үш мектеп пен тұрғын үйдің шатыры ұшып кеткен.

Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Фото: ТЖД баспасөз қызметі: Depositphotos

Қазгидрометтің мәліметінше, Шымкент қаласында наурыздың 24-25 аралығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Фото: ТЖД баспасөз қызметі: Depositphotos

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1846978-symkentte-katty-zeldi-ekpininen-11-j-satyrsyz-kaldy-foto.html