Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың бірі Лондоннан оқудан келген

Опубликовано:

Елордалық дәрігерлер коронавирус диагнозымен Нұр-Сұлтандағы ауруханаларда жатқан пациенттердің жағдайын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Coronavirus2020 ресми сайтының мәліметінше, вирус жұқтырғандардың бірі Лондонда бір ай оқып келген. Ол ел астанасына 22 наурыз күні Минск-Нұр-Сұлтан рейсімен оралған

Қазір ер азаматтың жағдайы қанағаттанарлық екені, шағымы жоқ екені хабарланды.

Ал онымен байланыста болған барлық адам стационарға карантинге жатқызылған. Сондай-ақ, пациентпен бір ұшақта ұшып келгендерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Ал вирус жұқтырған тағы бір пациент бір тәуліктен бері температурасы түспегендіктен дәрігерлерге өзі қаралған. 22 науыз күні ол ауруханаға жеткізіліп, тапсырған анализ қорытындысы 24 наурызда әйел адамда COVID-19 инфекциясы бар екенін көрсеткен.

Қазір пациенттің шағымы жоқ екені және температурасы қалыпты. Сонымен қатар онымен байланысты болған барлық адам анықталуда.

Сондай-ақ, тағы бір пациенттің жағдайы орташа ауыр екені белгілі болды. Ер адамда екіжақты пневмония және тыныс алу жеткіліксіздігі бар. Ол қазір жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ал жалпы қалған пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық.

Айта кетейік, 24 наурыздағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы үш адам тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846983-nr-sltanda-koronavirus-zktyrgandardy-biri-londannan-okudan-kelgen/

pixel