RU

Қазақстан коронавирус қаупі жоғары елдердің тізімін жаңартты

Telegram logo VKontakte logo

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус қаупі жоғары мемлекеттерге қатысты жаңа тізімді жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Жаңа тізімде екінші және үшінші санат жоқ. Онда тек 1А және 1Б санаты ғана бар.

1А санатына 11 мемлекет енген. Олар: Италия, Испания, Франция, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Мысыр, Шри-Ланка, Біріккен Араб Әмірліктері және Малайзия. Осы елден Қазақстанға оралған азаматтардың барлығы 14 күн карантинде болады.

Ал COVID-19 инфекциясы анықталған қалған елдің барлығы 1Б санатына кіреді.

Айта кетейік, 24 наурыздағы мәліметке сәйкес, Қазақстандағы COVID-19 инфекциясы 68 адам анықталған.

Олардың 35-і Нұр-Сұлтанда, 29-ы Алматыда, екеуі Қарағандыда, біреу Ақтөбе облысында, біреу Алматы облысында тіркелген.

Ал әлем бойынша соңғы тәуліктегі мәліметке сәйкес, вирус жұқтырғандар саны 381 мыңға жетіп, 100 мыңнан аса адам дертінен айығып шыққан.

Өткен тәулікте коронавирустан 116 адам көз жұмса, COVID-19 инфекциясынан жалпы қайтыс болғандар саны 16,5 мыңнан асқан.

Айта кетейік, COVID-19 инфекциясы алғаш рет тараған Ухань қаласында жағдай тұрақтала бастаған. Мәселен 8 сәуірден бастап қалаға кіріп-шығуға қойылған шектеу алынбақ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстан коронавирус қаупі жоғары елдердің тізімін жаңартты